Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы

Жас тарихшылардың  «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы

РҒПО «Дарын»ұйымдастыруымен 2023 жылғы30-31 қазан күндеріАқтөбе қаласында «Білім – Инновация лицейі» КММ базасында 9-10сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.

Негізгі мақсаты:

- өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;

- туған өлке тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;

- оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;

- туған жеріне, өз қаласына, ауылына деген махаббатын зерделеу арқылы достарына түсіндіру.

 Конкурсының республикалық кезеңін өткізу барысында қатысушылар:

І тур - Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест орындады;

ІІ тур төрт номинация бойынша өтті:

  • «Менің шағын Отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашты.
  • «Шағын Отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және шағын Отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдеді;
  • «Менің шағын Отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды:
  • «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елдімекен туралы эссе жазды.