Аягөз қаласында және Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу үшін облыстық түсінік беру семинарлары өтті

Аягөз қаласында және Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу үшін облыстық түсінік беру семинарлары өтті

2023 жылдың 24 – 25 тамыз күндері Абай облысы бойынша Аягөз қаласында және Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу үшін облыстық түсінік беру семинарлары өтті. Семинарға облыстың 250 адамнан аса педагогтері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, білім бөлімі өкілдері қатысты.
Ұйымдастырушылар қатысушылармен мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында әлеуметтік тәжірибені қолданудың тиімді жолдары туралы пікір алмасты және әлеуметтік тұрғыдан жауапты тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие процесіндегі ұлттық тәрбиенің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.