2023 жылдыі 17 сәуірінде Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills-Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті

2023 жылдыі 17 сәуірінде Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills-Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті

Бүгін 2023 жылғы 17 сәуірде Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills-Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Облыстың білім басқармасының басшысы Нұржан Нығметоллаұлы Ахметқалиев құттықтау сөз сөйледі.«WorldSkills» қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамыту. Облысымызда «WorldSkills» қозғалысының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел – құзіреттіліктер мен қатысушылардың санының артуы.WorldSkillsAbai – 2023аймақтық чемпионатына 25 колледжден 53 құзіреттілік бойынша 196   студенттер қатысып, бес күн бойында бәсекеге түсіп, өздерінің кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген табандылықтарын көрсетпек.WorldSkillsAbai-2023 өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарды танымал етуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады.