Абай облысы бойынша білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері және халықаралық зерттеулерге дайындық семинары

Абай облысы бойынша білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері және халықаралық зерттеулерге дайындық семинары

2023 жылдың 12 сәуірінде «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ Абай облысы бойынша білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштері және халықаралық зерттеулерге дайындықбойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен облыстықонлайн семинар өтті.

Семинар барысында білім сапасын бағалау және мониторингілеу бөлімі әдіскерлері Абай облысы бойынша білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштеріжәне халықаралық зерттеулер туралы толық ақпарат ұсына отырып, 2023 жылға іріктелініп алынған білім беру мекемелерінде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмін атап өтті.Абай облысынан халықаралық зерттеулердің негізгі кезеңіне жиыны 419 оқушы  қатысады.

Зерттеулерге дайындық жұмысы барысында tester.kz және
oao-abay.edu.kz платформаларын пайдала отырып сынама тест алынып, сынама тест нәтижелері туралы ақпарат қоса ұсынылды.

Семинар соңында халықаралық TIMSS, ICILS негізгі зерттеулеріне дайындық жұмыстары бойынша  ұсыныстар берілді.