"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Кітап-Battle

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы "Кітап-Battle

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абай обоысы Семей қаласында "23 ЖОББМ" КММ ғимаратында Сейілбек Мырзабайдың "Балалықтан даналыққа" кітабын талдау "Кітап -Battle" форматында өткізілді. Мақсаты "Балалықтан даналыққа" кітабын талдау арқылы ұрпақ тәрбиелеуде құндылықтарды дәріптеу. Іс-шараға мектеп мұғалімдері, кітапханашылар және "Отбасы хрестоматиясының" оқырмандары қатысты. "Алаш жолы" клубының белсенді мүшесі Жолдасханова Динара Мейірбекқызы "Кітап-Battle"-ға қатысушыларды 4 топқа топтастырып, өздеріне берілген тақырыпты "Постер қорғау " әдісі арқылы ашып, ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында қатысушылар "Талдау ағашы" әдісі арқылы рефлексия жасап, кітаптан құнды материалдар алғаны туралы пікірлерін айтты. Сонымен қатар осы іс-шарада "Алаш жолы" клубының тұсаукесері де бой алды. Алдағы уақытта облысымыздың білім ошақтарында кітаптың авторы Сейілбек Мырзабаймен кездесумен жалғасын табады.
" Жақсы кітап-адам өмірін өзгертеді"- дегендей ұрпағымыздың өмірін кітап оқыту арқылы жақсы жаққа өзгертерту басты міндетіміз, - дейді іс-шара қатысушылары