Жаңа мектептің ашылуы

Жаңа мектептің ашылуы

         Бүгін 1 қыркүйек Білім күні қарсаңында және Балалар жылына орай Семей қаласының Шығыс кентінде 1200 орынға арналған заманауи талаптарға сай жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және облыс әкімінің                                               бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты.

Аталған оқу орнында осы кентте тұратын № 12, № 34, № 47 және қала орталығында орналасқан басқа да мектептерде оқып жүрген оқушылар оқитын болады.

Құрылыстың жалпы құны 2,458 млрд. теңгені құрайды. Мектеп спорт залдары, асхана, акт залы, зертхана кабинеттері мен шеберхана және жаңа модификациядағы барлық кабинеттермен жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында арнайы видеокамералар орнатылған.

Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға да жағдай жасалған. Аталған білім ордасында ұстаздардың толлыққанды жұмыс істеп, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге барлық мүмкіндіктері бар.