Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруӘр мектепте әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға арналған жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры (жалпыға бірдей оқыту) қарастырылған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар "Білім туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес бюджет есебінен жалпы білім беретін мектептердің мынадай білім алушыларына: атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан; балаларға көмек көрсетуге қаражат жібереді- жетім балаларға; отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттарына.
Баланы асырап алуға (қамқоршылыққа, патронатқа) алғысы келетіндер асырап алушы ата-аналар мектебінен өтіп (телефон: 8 708 537 1700 Галиева Мадина (на русском языке), 8 775 177 6385 Элмира (қазақ тілінде)), психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатпен тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық органына жүгінуі қажет.
Жауап берген маман: Айтчанова Жанылсын Еркеновна, Абай облысының білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру беру бөлімінің бас маманы, эл.пошта: Opeka_abai@mail.kz
ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.
Бастау үшін сізге кіру немесе порталға тіркелу қажет Egov.kz. сайттың басты бетінде "білім" қойындысын нұқыңыз, тізімдегі сол жақтан "орта білім" бөлімін таңдаңыз және "жалпы білім беретін мектептерге қабылдау үшін құжаттарды қабылдау"қойындысына өтіңіз. Әрі қарай, сіз "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басуыңыз керек.
Осыдан кейін өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қою қажет.
Білім беру саласындағы бос жұмыс орындарын іздеу үшін Сайтта тіркелу қажет https://hr-nobd.edu.kz және бар бос жұмыс орындарын қараңыз. Әрі қарай, сайтта бар алгоритмге сәйкес өтініш беру керек.