
Абай облысында 2025-2026 оқу жылында 99 391 бала контингенті бар 304 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
1 сынып оқушыларының саны - 9541 бала, оның ішінде қазақ тілінде – 6798 (71,1), орыс тілінде – 2743 оқушы.
2025 жылғы түлектер саны 14887 баланы құрайды, оның ішінде 9 сынып- 9748 , 11 сынып- 5139.
«Алтын белгі» белгі иегерлері - 362, Үздік аттестат - 463. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан - 4615 түлек немесе 91%.
2026 жылғы түлектер саны 14 912 баланы құрайды, оның ішінде 9 сынып - 9190, 11 сынып- 5722.
«Алтын белгі» белгі үміткерлері - 439, Үздік аттестат - 410. Ұлттық бірыңғай тестілеуге болжам бойынша қатысатын - 5144 түлек немесе 89%.
Мемлекеттік ұйымдармен қатар 7 жеке білім беру ұйымдары жұмыс істейді (Семей қ. - 7, олардың контингенті 1231 құрайды.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 53,9 % (164) шағын жинақты болып табылады, оларда 12 041 (12,1%) оқушы оқиды.
121 ауылдық елді мекенде тұратын және көлікпен тасымалдауға мұқтаж мектеп жасындағы балалардың жалпы саны 3199 адамды құрайды. Оның ішінде күн сайын екі ауысымда 3199 бала тасымалдаумен қамтылды.
Тасымалдауды 109 автобус бірлігі жүзеге асырады, оның ішінде шарт бойынша жалға алынған 15 автобус.
Сондай-ақ, облыс мектептерінде цифров-сыныптар ашылды, онда оқушылар цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын дамытады және бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника бағыттары бойынша оқиды. Жыл сайын облыстық it форумдар, чемпионаттар, фестивальдар өткізіледі, онда IT-сынып оқушылары ғылыми-технологиялық және IT саласындағы өз жобаларын көрсетеді.