Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Балаларға қосымша білім беру

Абай облысы бойынша 27 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның ішінде 1-еуі сауықтыру лагері («Мейірім» КМҚК).

         2025-2026 оқу жылында мектептен тыс ұйымдар мен мектептерде қосымша біліммен (ҰБДҚ деректері бойынша) 94704 бала немесе 92,4% қамтылған.

         26 қосымша білім беру ұйымында – 17543 (17,1%) бала, 311 мектепте – 50911 (49,7%) оқушы түрлі үйірмелер мен секциялармен қамтылған, дене шынықтыру және спорт басқармасының жүйесінде жұмыс жасайтын 17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 16400 (16,0%) бала спорт секцияларына қатысады. Мемлекеттік тапсырыс арқылы: дене шынықтыру және спорт басқармасы бағытында – 5040 бала, мәдениет басқармасы бағытында – 4810 бала қамтылған.

         Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы білім беру ұйымдарында да, мектептен тыс ұйымдарда да жүзеге асырылады.

         Бүгінгі таңда облыстың қосымша білім беру ұйымдарының желісі                52 бірлікті құрайды, оның ішінде 35 бірлік білім беру жүйесінде,                   17 бірлік спорт жүйесінде.

            Анықтама:

- Оқушылар шығармашылық сарайлары мен үйлері – 7;
- Балалар музыкалық мектептері  – 7;
- Балалар өнер мектептері – 8;
- Биологиялық орталық– 1;
- Жас техниктер станциясы– 1;
- Аула клубтары қауымдастығы– 1;
- Практикалық білім беру және туризм орталығы– 1;

- Қала сыртындағы лагерлер-8;

- Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері-17.

            Қосымша білім беру жүйесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы жүргізілмейді, барлық балаларға қосымша білім беру мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.

         ҚР Премьер-Министрінің 13.12.2023 жылғы 191-ө өкімін                 «2024-2026 жылдарға арналған «Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі Жол картасын» және сайлауалды бағдарламасының 85 тармағын орындауда 2024 жылдан бастап жобалық қуаты 500 орындық (ауысымына 1500 бала) көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде нысанның дайындығы - 75%. көпфункционалды Оқушылар сарайының іске қосылуы қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаз бойы барлығы 388 лагерь жұмыс істеді. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде сауықтыру және демалыспен жалпы қамту 93850 баланы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 99,3 %-ды құрады, оның ішінде:

- 11 сауықтыру лагері, оның ішінде 5014 бала;

- 259 мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде 77557 бала;

- 11279 бала тамақтанатын 118 мектеп жанындағы лагерь;

Жазғы демалысты, балаларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға 43,6 мың теңге бағытталды, барлығы 94058 бала немесе 99,5% қамтылды.

Қала сыртындағы лагерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 2023-2027 жылдарға арналған Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде Абай ауданы Кеңгірбай ауылында 40 орындық сауықтыру лагерінің құрылысы жүріп жатыр (нысанның жалпы дайындығы 88%), одан әрі Көкпекті (50 орын) және Ақсуат (48 орын) аудандарында лагерь салу жоспарлануда, 2 маусымдық лагердің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Документы
Ақпарат
24 ноября 2025
Қосымша білім беру
Новости
Полезные материалы
Балаларға қосымша білім беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы