Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу

2024–2025 оқу жылындағы оқушылардың олимпиадалар мен интеллектуалдық байқауларға қатысу нәтижелері

2024 жылы Абай облысының оқушылары республикалық деңгейдегі интеллектуалдық конкурстар мен олимпиадалардың кезеңдерінде жалпы есепте 180 медаль жеңіп алды (өткен жылмен салыстырғанда 56 медальға көп). Соңғы үш жылда республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу бойынша оң динамика байқалады:

  • 2022–2023 оқу жылы – 155 қатысушы, оның ішінде 75 жүлдегер (48%): алтын – 17, күміс – 20, қола – 38;
  • 2023–2024 оқу жылы – 234 қатысушы, оның ішінде 124 жүлдегер (52%): алтын – 22, күміс – 34, қола – 68;
  • 2024–2025 оқу жылы (қыркүйек–мамыр) – 447 қатысушы, оның ішінде 180 жүлдегер (40%): алтын – 29, күміс – 51, қола – 100.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Абай облысында, ҚР Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) 2024 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметтері бойынша, 303 жалпы білім беретін ұйымдарда 9-11 сыныптарда 19 940 оқушы білім алуда. 2024–2025 оқу жылында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне (бұдан әрі – РО) 5250 оқушы қатысты, бұл 9–11 сынып оқушыларының жалпы санының 26%-ын құрайды (анықтама үшін: 2022–2023 оқу жылында – 3776 оқушы (18%), 2023–2024 оқу жылында – 3805 оқушы (19%). Олимпиаданың республикалық кезеңіне Ережеге сәйкес облыстық кезеңнің жеңімпаздары белгіленген квота бойынша қатысты.

Ағымдағы жылы Республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегерлері 15 оқушы болды, бұл жалпы қатысушылар санының 25% құрады (1 орын – 2, 2 орын – 4, 3 орын – 9). Облыс құрамасының рейтингі 0,3 баллды құрады.

Республикалық олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу қорытындылары бойынша нәтижелілік рейтингі: БИЛ – 1 орын (0,6 балл: 28 қатысушының 11 жүлдегері);   Ақсуат – 2 орын (0,5 балл: 3 қатысушының 1 күміс жүлдегері); Аягөз – 2 орын (0,5 балл: 4 қатысушының 1 күміс жүлдегері); Бородулиха – 3 орын (0,3 балл: 3 қатысушының 1 қола жүлдегері). Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Семей қаласындағы БИЛ Қазақстанның үздік 100 мектебінің қатарына енді (18-орын).

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 9–11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2024-2025 оқу жылы

Ауыл мектептері оқушыларына арналған Республикалық олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамасымен 2023 жылы қолға алынған.
Абай облысы бойынша ҚР Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰБДҚ) деректеріне сәйкес 01.09.2024 ж. ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін ұйымдарда 9–11 сыныптарда 8913 оқушы білім алады.
2024 жылы Интернет-платформада Республикалық олимпиаданың I бастапқы кезеңіне қатысу үшін 2720 оқушы өздігінен тіркеліп, олардың 2532-сі қатысқан. Аудандық кезеңге 2114 оқушы қатысты. Уржар ауданының оқушылары жоғары белсенділік танытты – ауданның 9–11 сынып оқушыларының жалпы санының 21,4%-ы қатысты. Ең төмен көрсеткіш Абай ауданында – 9–11 сынып оқушыларының 28,6%-ы қамтылды. Басқа аудандардың аудандық кезеңдегі қамтылуы: Бесқарағай – 35%, Бородулиха – 23,8%, Ақсуат – 35,6%, Семей – 26,5%, Аягөз – 9,9%, Көкпекті – 35%, Жарма – 17,7%.
Облыстық кезеңге 698 оқушы қатысып, бұл бастапқы кезең қатысушыларының 33%-ын құрады. Облыстық кезеңге ең көп өткен – Уржар ауданы: 201 қатысушы, бұл аудандық кезең жүлдегерлерінің 97%-ы.
Облыстық кезеңдегі 698 қатысушының 239-ы (35%) жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Республикалық кезеңге қатысқан 57 оқушының 17-сі (30%) жүлделі орындарға ие болды: алтын – 5 (15 балл); күміс – 4 (8 балл), қола – 8 (8 балл). Облыс командасының рейтингі – 0,5 балл (өткен жылы – 0,7 балл).
Республикалық кезең қорытындысы бойынша аудандық рейтинг:
• Бородулиха – 0,8 балл
• Ақсуат – 0,7 балл
• Жарма – 0,5 балл
• Абай, Уржар, Жанасемей – 0,3 балл
• Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті – 0 балл
Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті аудандары ауыл мектептері олимпиадасының республикалық кезеңінде екінші жыл қатарынан нәтиже көрсетпеді.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША
8–11 (12) СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

2024 жылдың қыркүйегінде Республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының (РКИП) мектептік кезеңіне 9–11 (12) сыныптардан 1185 оқушы қатысты, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 5% көп. Барлығы 981 жоба тіркелді, бұл өңірдегі 9–11 сынып оқушыларының жалпы санының 6%-ын құрайды. Оның ішінде 356 ер бала, 829 қыз бала. Сонымен қатар 8-сыныптан 252 оқушы қатысты (2%).
Ауыл мектептерінен 627 оқушының атынан 575 жоба қабылданып, ауыл оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде тартылғанын көрсетті.
2024–2025 оқу жылында облыстық кезеңге 232 оқушының 184 жобасы жіберілді. Оның ішінде 121 жоба (154 қатысушы) бірегейлікке тексеруден өтті. Облыстық кезең қорытындысы бойынша 105 оқушы (79 жобаның авторлары) пәндік тестілеуге жіберілді. Барлық 105 оқушы (мектептік кезең қатысушыларының 19%) шекті баллдан өтті.
Республикалық кезеңде облыс намысын 16 оқушы 15 жобамен қорғады. Олардың 6 оқушысы 5 жобамен республикалық деңгейдің жеңімпаздары атанып, жоғары дайындық пен зерттеушілік мәдениетті көрсетті.

«ЗЕРДЕ» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстарының конкурсы 2–7 сынып оқушылары арасында

Қатысу деңгейі: 2024–2025 оқу жылында аудандық кезеңге 1415 оқушы қатысты (былтырғы жылмен салыстырғанда 452 оқушыға аз). Облыстық кезеңге – 365 оқушы (2023 жылмен салыстырғанда 2 адамға көп). Ең көп қатысушы – Семей қаласы – 94, ең аз – Курчатов қаласы – 4, Жасұлан – 4.
Республикалық кезеңде 18 оқушы (12 жоба) жеңімпаз және жүлдегер атанды:
• 1 орын – 1 оқушы (Семей қ.) – 1 жоба
• 2 орын – 6 оқушы (Семей – 4, Ақсуат – 2) – 3 жоба
• 3 орын – 11 оқушы (Семей – 5, Аягөз – 4, Урджар – 1, Абай – 1) – 8 жоба

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР МЕН БАЙҚАУЛАР ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ:

2024–2025 оқу жылында облыс оқушылары халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 15 медаль жеңіп алды (14 – жеке, 1 – командалық):

  • «Kazakhstan Smart Space–2025», Satbayev University – алтын:
    – Жанерке Қайнарқызы (Аягөз ауданы, А. Қошкимбаева атындағы мектеп),
    – Нурали Амангельдиев (Жезкент кенті, лицей-мектеп, Бородулиха ауданы)
    • Халықаралық "Tuymaada-2025" олимпиадасы – қола: Дүйсембеков Ерасыл (БИЛ)
    • 21-ші халықаралық Жәутіков олимпиадасы – қола: Дюсенбек Алдияр, Мендеке Али (БИЛ)
    • XVI Еуразиялық информатика олимпиадасы – қола: Аменов Алем, Мендеке Али, Дастанұлы Мағжан, Жүнісов Темірлан (БИЛ)
    • Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық конкурс – қола:
    – Мұхтарова Айым, Төлеуғали Ернар (№39 мектеп, Семей қ.)
    • Әл-Хорезми атындағы математика және информатика халықаралық олимпиадасы (7–12 мамыр, Ташкент) – күміс: Мендеке Әли (БИЛ)
    • I халықаралық робототехника фестивалі «RoboZerde 2025» – қола: Семей қ., №22 лицей-мектеп командасы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР

  • Ең бұқаралық іс-шара:
    «Алтын түлек» (5 сәуір 2025 жыл) – 143 қатысушы, оның 69-ы жүлдегер (48%), 7 грант.
  • Ең жоғары нәтижелілік (% жүлдегерлер):
    – Битибаева атындағы олимпиада – 7 қатысушының 6-ы (86%)
    – «Junior биология, химия KERUEN SCIENCE» – 2 қатысушы, екеуі де жүлделі (100%)
    – «Алтын сақа» – 20 қатысушының 4-і (20%)
    – «Республикалық бағдарламалау олимпиадасы» – 1 қатысушы – 1 жүлдегер (100%)
    – «Жарқын болашақ» – 9 қатысушының 5-і (56%)
  • Бастауыш және орта буын (5–8 сынып) жоғары көрсеткіштер:
    «Бастау», «РО 5–6», «РО 7–8» олимпиадаларына қатысқан 45 оқушының 13-і жүлдегер атанды.
Документы
Ақпарат
24 ноября 2025
2024–2025 оқу жылындағы оқушылардың олимпиадалар мен интеллектуалдық байқауларға қатысу нәтижелері
Ақпарат
07 марта 2025
Оқушылардың 2023-2024 оқу жылы олимпиадалар мен зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы