Здравоохранение

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бесқарағай аудандық ауруханасы» КМК

Мекенжайы: Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2А

 

Ұйымдастырушылық құрылымы:

  • 8 дәрігерлік амбулатория
  • 2 фельдшерлік-акушерлік пункт
  • 13 медициналық пункт
  • 3 МРБП (Бірлік а., Стеклянка а., Белокаменка а.)
  • 1 аудандық аурухана (құрамында: емхана және стационар)

 

Стационардың төсек қоры — 46 төсек

: • терапия — 23

  • хирургия — 13
  • балалар бөлімі — 3
  • гинекология — 5
  • босандыру бөлімі — 1
  • патология — 1

Күндізгі стационар — 22 төсек.

 

Аудан халқы: Жалпы саны — 14 680 адам, оның ішінде:

  • ересектер — 10 769
  • әйелдер — 7 305
  • ерлер — 7 375
  • 14 жасқа дейінгі балалар — 3 417
  • 1 жасқа дейінгі балалар — 159
  • жасөспірімдер — 494
  • репродуктивті жастағы әйелдер — 2 572

 

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының іске асырылу барысы

Ұлттық жоба аясында Бесқарағай ауданында 11 елді мекенде алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарының құрылысы жүргізілуде:

  • Қарабас (ДА)
  • Қарағайлы (ДА)
  • Ерназар (ДА)
  • Қоянбай (МП)
  • Башкөл (МП)
  • Қара Мырза (МП)
  • Долонь (МП)
  • Өндрус (ФАП)
  • Стеклянка (МП)
  • Белокаменка (МП)
  • Жеті жар (ДА)

 

Бүгінгі таңда бес медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта нысандарды қабылдау-тапсыру рәсімі жүргізілуде.

Маусым айында тағы бір медициналық пункт пен бір дәрігерлік амбулатория бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою жоспарлануда.