Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, (№01-4) «С» функционалдық блогі

Мемлекеттік орган

Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Аймақ

Абай облысы

Санат

E-R-4

Орташа лауазымдық айлықақы

181106

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Жылумен қамтамасыз ету және көріктендіру саласында Бюджеттік бағдарламаларды, шығындар сметасын жасайды. Бюджеттік өтінімге және инвестициялық ұсыныстарға өзгерістер жасау және енгізу. Елді мекендердің санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру  жұмыстарын ұйымдастырады және орындалуына бақылау жасайды. Интернет және байланыс саласында жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға қатысу, дефектілік актілерді және керекті құжаттарды жасау. Жылумен  қамтамасыз ету салаларында мекемелермен жұмыс жасау, коммуналдық тарифтермен, коммуналдық қарыздармен жұмыс жүргізу, жоғары тұрған органдарға хабарлама, ақпарат дайындау және есептер беру. Стратегиялық жоспар және өңірлік бағдарламаларды жылумен  қамтамасыз ету салаларында жұмыс жүргізу және орындалуын қамтамасыз ету. Жылумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуге, жобалық сметалық құжаттамасын дайындау, дефектілік актілерді жасау. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге, арыздарға жауап беріп әр тоқсан сайын есеп жүргізу. Жылумен  қамтамасыз ету саласында істелген жұмыстарды бақылау және қабылдап алу жұмыстарын жүргізу. Стратегиялық жоспар және өңірлік бағдарламаларды жылу  саласында әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету. Жылу  саласында жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға қатысу, дефектілік актілерді және керекті құжаттарды жасау. Жылумен  қамтамасыз ету саласында істелген жұмыстарды бақылау және қабылдап алу жұмыстарын жүргізу. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулылар жобасын дайындау. Облыстық және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларына жауап әзірлейді. Тұрғын үй мәселелері жөнінде заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер мен арыздарды қарап, анықтама, актілер жасау, жауаптар әзірлеу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу барысында бастапқы мәліметтерді жобалаушы мекемеге ұсынады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.10.2022 – 08.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

11.11.2022

Сұхбаттасу орны

«Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, Абай облысы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–11