«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі – бас маман (бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы негізгі қызметкердің орны 02.02.2026 ж дейін), (E-R-4 санаты, №09-1-09) «B» функционалдық блогі
Аягөз ауданының әкімдігі
Абай облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасының заңдарын, әлеуметтік - экономикалық және саяси даму жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, мемлекеттің ішкі саясатындағы басым бағыттарды түсіндіруді жүзеге асыру. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, азаматтардың өтініштерін орындауды қамтамасыз ету. Кадрлар жөнінде жұмыстарды жүргізу, қызметкерлердің іс-құжаттарын, іс-қағаздар жүргізу жұмыстарын қолданыстағы заңдылықтарға сай жүруін ұйымдастыру, «е- Қызмет» жүйесінде кадрлық іс - қағаздарды жүргізуді орындау. Атаулы саяси мерекелерді атап өтуге арналған аудандық және бөлімнің ішкі жоспарларын (жылдық, тоқсандық, айлық) дайындау. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру. Бөлімнің істер номенклатурасын құрастыру. Бөлім қызметкерлерінің еңбек демалысының есебін жүргізу, жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметкерлердің пайдаланылмай қалған еңбек демалысы күндерін есептеп, бөліммен есеп айырысу бойынша ақпарат дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
e.bekkozhina@akimatabai.gov.kz
- 02.04.2024
- Абай облысы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14. Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
-
8 (72237) 3-29-70, факс: 3–16–02