
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша мынадай жұмыстар жүргізілуде: тұрғын үй-коммуналдық және жол-көлік саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, инженерлік-көлік коммуникацияларын кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау, салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссиясының жұмысына қатысу, тұрғын үй-коммуналдық және жол-көлік коммуникацияларының мемлекеттік нормативтерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу, мемлекеттік реттеуге қатысу, тұрғын үй–коммуналдық және жол шаруашылығы шешімдерінің әлеуметтік–экономикалық тиімділігінің басым бағыттарын айқындау, ғылыми–техникалық жетістіктерді, озық отандық және әлемдік тәжірибені практикаға енгізу жолымен ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің техникалық–экономикалық деңгейі мен конструктивтік тұрақтылығын арттыру.
"ҚР тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес азаматтарды есепке қою "Азаматтарға арналған Корпорация" КЕАҚ арқылы не Е-Гов порталы арқылы жүзеге асырылады. Соңғы 5 жылда өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы, мүгедектікті немесе басқа да әлеуметтік тиістілікті растау қажетті шарт болып табылады.