
Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 01.01.2025 жылы 71 670 халқының 32,3 %- ы, яғни 23 150 адамды құрап отыр.
Бұқаралық спорт түрлерінің басым бөлігін футбол, волейбол, күрес түрлері, гір спорты, армрестлинг, балалар хоккейі құрайды.
Спортпен шұғылданатындардың санының өсуіне бірден бір ықпал ететін ол өткізілетін бұқаралық спорттық іс – шаралар.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылы 265 спорттық іс – шара жоспарланған.
Аудандық білім беру мекемелерінде 283 секция жұмыс жасаса, қамтылған оқушылар саны 5200 адамды құрап отыр.
Ауданда 1 спорт мектебі жұмыс істейді, 5 спорттық секцияда (бокс, волейбол, футбол, грек рим, қазақ күрес) жұмыс істейді, 1812 оқушы спортпен шұғылданады. Яғни 13 167 оқушының 13,7 % БЖСМ спорт мектебінде спортпен шұғылданады.
Мәдениет
Ақши, Байқошқар, Емелтау ауылдарында дәрігерлермен кездесулер өткізіліп, медицина қызметкерлері балалар мен ересектерге өзекті мәселелер: темекі шегудің зияны, салауатты өмір салты және т.б. тақырыптарды талқылап түсіндірді. Бүкіләлемдік балалар кітабы күніне орай ертеңгіліктер, кездесулер мен әңгімелер Нарын, Ақши, Қарағаш, Байқошқар ауылдарында өтті. Тарбағатай ауылында жерлес ,әнші, композитор Т.Рахимовтың еске алу онлайн-концерті ұйымдастырылды. Ақтоғай ауылының ауылдық клубында Космонавтика күніне арналған балалардың сурет байқауы ерекше өткізілді. Ақшәулі ауылында Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай "Жыр алыбы- Жамбыл" атты дөңгелек үстел өткізіліп,іс- шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында айтыскер ақынға арналған видиоролик көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде оқушылар "Жүз жасаған- бәйтерек" атты ойтолғау жазды. Қарағаш ауылдық клубының ұжымы қарт ана Аубакирова Хаят апамызға, жалғыз басты ана Сибаева Күлбағи апаларымызға мейірімділік танытып азық-түлікпен көмек көрсетті. Баршатас ауылдық мәдениет үйінің әртістері «Өнерім саған - туған ел» атты онлайн-концертін көрермендердің назарына ұсынды. Ақтоғай ауылдық клубында "Ғасырлар -пернесі" атты Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған кеш өтті. Тарлаулы ауылдық клубында алғашқы ұстаз,ұлы ағартушы Ы Алтынсариннің 180 жылдығына орай "Кел ,балалар, оқылық» атты дөңгелек стол өтті. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға, əңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа үйрету мақсатында өмірімен шығармашылығына тоқталып, оқырмандар өлеңдерін оқыды. Байқошқар ауылдық клубында Олжас Сулейменовтың 85 жылдығына байланысты ауыл тұрғындарымен онлайн кеш өтті. Кеште саяси қайраткер халық жазушысы Олжас Сулейменовтың өмірбаяны, шығармашылығына библиографиялық шолу жасалды.
Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында 50-ге жуық мәдени іс-шаралар өтті.