
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2026ж. маусым айына болжамды көлемі 50 млрд.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 125,3% (2025 ж. – 39 млрд. 913 млн.теңге), нақты көлем индексі 117% құрамақ. Жоспар-тапсырма 76,1%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 65712,4 млн.теңге).
Маусым айының болжамы 8 млрд. 426 млн.теңге (қаңтар-маусым – 50 млрд.теңге), бүгінгі күнге кәсіпорындар тарапынан 1 - инвест ститистикалық есептілік 7 млрд. 639 млн.теңгеге тапсырылды. Болжамды көрсеткішті орындау үшін қосымша 788 млн.теңге инвестиция қажет.
Кәсіпкерлік басқармасының жоспар- тапсырмасы маусым айна 24 млрд. 139 млн.теңге (қаңтар-маусым – 65 млрд.712 млн.теңге). Облыстық жоспар-тапсырманы орындау үшін қосымша 16 млрд. 500 млн.теңге көлемінде инвестиция қажет.
Құрылыс жұмыстарының болжамды көлемі 13 млрд. 600 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104% (2025 ж. – 13 млрд. 79 млн.теңге), нақты көлем индексі 100,1%-ға құрамақ. Жоспар-тапсырма 90,7%-ға орындалуы жоспарлануда ( жоспар-тапсырма – 15 млрд.теңге).
Бүгінгі күнге кәсіпорындар тарапынан 1 - КС ститистикалық есептілік 1 млрд. 723 млн.теңгеге тапсырылды. Болжамды көрсеткішті орындау үшін қосымша 2 млрд. 378 млн.теңге, сонымен қатар алдынғы айларда алынған қосымша есепті жабу мақсатында 5 млрд.теңге көлемінде кәсіпорындар тарапынан есептілік тапсырылуы қажет.
2026 қаңтар-маусым айларында 8054 шаршы метр тұрғын үй іске қосылу жоспарлануда, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 57% (2025 ж. – 14134 шаршы метр). Жоспар-тапсырма 100%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 8054 шаршы метр).
Өсу қарқыны төмен болу себебі 2025 жылдың 6 айында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 14134 шаршы метрді құрады. Оның ішінде 6759 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы, 5515 шаршы метр 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын құрылысы және 1860 шаршы метр Каз минералз ЖШС Кереге вахталық қалашығының құрылысы есебінен болды.
2026 жылдың 5 айында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 6097 шаршы метрді құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында жоспар тапсырма 8054 шаршы метр. Бұл көрсеткіш жеке тұрғын үй құрылысы есебінен орындалады.
Бөлшек сауда тауар айналымының болжамды көлемі 15 млрд. 900 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% (2025 ж. – 13 млрд. 969 млн.теңге), нақты көлем индексі 101,0% құрамақ. Жоспар-тапсырма 100,1%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 15 млрд. 894 млн.теңге).
Көтерме сауда айналымының болжамды көлемі 19 млрд. 150 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 112,7% (2025 ж. – 16 млрд. 985 млн.теңге), нақты көлем индексі 101% құрамақ. Жоспар-тапсырма 102,5%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 18 мрд. 679 млн.теңге).
Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің болжамды саны 5530 бірлік, өсу қарқыны 100% құрамақ (2025 ж – 5530 бірлік). Жоспар-тапсырма 97,6%-ға орындалмақ ( жоспар-тапсырма - 5663 бірлік).