
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 864370,5 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 149,6% (2025 ж. – 577934,6 млн.теңге), нақты көлем индексі 102,2% құрады.
Тау - кен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 806129,9 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 154,5% (2025 ж. – 521632,8 млн.теңге), нақты көлем индексі 103,2% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 51415,9 млн. теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102% құрады (2025 ж. – 50410,9 млн. теңге), нақты көлем индексі 92,3%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 22213,1 млн.тенге, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 135% (2025 ж – 16448,2 млн.теңге) құрады. Нақты көлемінің индексі 102,2%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 62794,9 млн.теңге, 2025 жылдың тиісті кезеңіне өсу қарқыны 157,3% (2025 ж. – 39912,9 млн.теңге), нақты көлем индексі 148,6% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23061,5 млн.теңге, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 176,3% (2025 ж. – 13079,6 млн. теңге), нақты көлем индексі 165,7% құрады.
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 8146 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 57,6% (2025 ж - 14134 шаршы метр).
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 16555,9 млн.теңге, өсу қарқыны 118,5% (2025 ж. – 13969,2 млн.теңге), нақты көлем индексі 107,1% құрады.
Көтерме сауда айналымының көлемі 22845,5 млн. теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне өсу қарқыны 134,5% (2025 ж. – 16985,4 млн.теңге), нақты көлем индексі 121,3% құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 5022 бірлік, өсу қарқыны 90,8% құрады (2025 ж – 5530 бірлік).
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемі 2026 жылдың 6 айында 7566,9 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 114,7% құрады (2025 жыл – 6598, млн.теңге).
Ауданның денсаулық сақтау мекемесінің мәліметтеріне сәйкес туберкулезбен алғаш рет ауырғандардың саны 9 адам, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 81,8% құрады (2025 ж – 11 адам).
Дүниеге келген сәбилер саны 397, 2025 жылғы сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 87,4% (2025 ж – 454 сәби) құрады.
Қайтыс болғандар саны 189 адам, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 87,9% (2025 ж – 215 адам) құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 1, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 4 өлім тіркелген немесе 25% құрады.