Аягөз ауданының 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Төмендеудегі қызыл график пен биржалық көрсеткіштерді көрсетіп тұрған адамның қолы.

2026 жылдың қаңтар-маусым  айларында өнеркәсіп өнімдерінің  көлемі 864370,5 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 149,6% (2025 ж. – 577934,6 млн.теңге), нақты көлем индексі 102,2% құрады.

Тау - кен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 806129,9  млн.теңге, бұл                 2025 жылдың тиісті кезеңіне 154,5% (2025 ж. – 521632,8 млн.теңге), нақты көлем индексі 103,2% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің  көлемі 51415,9 млн. теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 102% құрады (2025 ж. – 50410,9 млн. теңге), нақты көлем индексі 92,3%.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 22213,1 млн.тенге,                    2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты  өсу қарқыны 135%                                 (2025 ж – 16448,2 млн.теңге) құрады. Нақты көлемінің индексі 102,2%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі                                62794,9 млн.теңге, 2025 жылдың тиісті кезеңіне өсу қарқыны 157,3%                    (2025 ж. – 39912,9 млн.теңге), нақты көлем индексі 148,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 23061,5 млн.теңге, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 176,3% (2025 ж. – 13079,6 млн. теңге), нақты көлем индексі 165,7% құрады.        

           2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 8146 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 57,6% (2025 ж - 14134 шаршы метр).

Бөлшек сауда тауар айналымының  көлемі 16555,9 млн.теңге, өсу қарқыны 118,5% (2025 ж. – 13969,2 млн.теңге), нақты көлем индексі 107,1% құрады.

Көтерме сауда айналымының көлемі 22845,5 млн. теңге, бұл                             2025 жылдың тиісті кезеңіне өсу қарқыны 134,5% (2025 ж. – 16985,4 млн.теңге), нақты көлем индексі 121,3% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 5022 бірлік, өсу қарқыны 90,8% құрады (2025 ж – 5530 бірлік).

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемі 2026 жылдың 6 айында               7566,9 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 114,7%  құрады (2025 жыл – 6598, млн.теңге).

Ауданның денсаулық сақтау мекемесінің мәліметтеріне сәйкес                          туберкулезбен алғаш рет ауырғандардың саны  9 адам,  2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны 81,8% құрады (2025 ж – 11 адам).

Дүниеге келген сәбилер саны  397,  2025 жылғы сәйкес кезеңіне қатысты өсу қарқыны  87,4% (2025 ж – 454 сәби) құрады.

Қайтыс болғандар саны 189 адам, 2025 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 87,9% (2025 ж – 215 адам) құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 1, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 4 өлім тіркелген немесе 25% құрады.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері