Абай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы (№01-03-1 «A» функционалдық блогы),

Мемлекеттік орган

Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі

Аймақ

Абай облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасау. Аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзу. Спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету, аудандық дене шынықтыруспорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру. Аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастыру және бекiту. Ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Абай ауданының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыру. Туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және аудан аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету. Аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету. Туристік әлеует, туризм обьектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру. Ауданда туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту. Туризм саласының материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға, олардың инфрақұрылымын дамытуға, салаға инвестициялар тартуға ықпал ету. Туризм саласының негізгі нысаналы индикаторлары: ішкі және сыртқы келушілер санының, өңірдегі орналастыру орындары, төсек-орындары санының, туризм бойынша инвестицияға салынған негізгі капиталдың, туризм саласындағы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші көрсеткіштерінің өсуіне қол жеткізуге ықпал ету. Туристік қызмет мәселелері бойынша аудандық форумдарды, семинарларды, көрмелерді, конференцияларды, «дөңгелекүстелдерді» ұйымдастыру. Аудан аумағындағы туризм саласындағы іс–шаралардың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде бұйрық шығару, нұсқау беру, қызметтік құжаттамаларға қол қою. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту. Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды ұйымдастырып, жүргізу. Мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін білдіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2025 – 11.11.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

14.11.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

9-17-36