Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын секторының сектор меңгерушісі (№02-02-1-2, «A» функционалдық блогы)

Мемлекеттік орган

«Абай облысы Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» MM

Аймақ

Абай облысы

Санат

E-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Сәулет
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • кадастр

Функционалды міндеттер

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қажетті құжаттарын заңға сәйкес рәсімдеп, әр сала бойынша арнайы тізімге алып, тұрғын үй комиссиясына ұсыныс дайындау. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы ретінде, тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын толтыру, қаулылар дайындау.

Бағдарлама  арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін жүргізу. Тұрғын үй сұраған азаматтарға бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беруі туралы шешім қабылдауы» және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметтерін көрсету.

Тұрғын үй секторы тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеп қарауды ұйымдастырады;

Тұрғын үй секторы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау;

Тұрғын үй секторы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

Тұрғын үй секторы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

Аудан бойынша жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу.

Жылумен жабдықтау көздерін ұстау, жанғырту және қалпына келтіру.

Елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге басшылық жасау.

Елді мекендерді байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

Интернет желісін орнату үшін құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеп, сметасын есептеп облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім өткізу.

Аудандағы абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, сметалық құжаттамаларын әзірлеу, облыстық басқармаларға қаржы қарату мақсатында бюджеттік өтінім ұсыну. Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілу нормасын қадағалау. Аудандағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлермен жұмыс жүргізу, күтіп ұстауға қаржы қарату мақсатында бюджеттік өтінім әзірлеу, ұсыну. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жалға берілетін тұрғын үйлердің шартын жасау, тұрғын үйлердің төлем есебін есептеу, қадағалау. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдерді ұсыну. Аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлерге жай серіктестігі және мүлік иелерінің бірлестігі бойынша жұмыс жүргізу.   

Қаржылық және кассалық тәртіптің, шығыстар сметасының, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету.

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жаңадан салынатын тұрғын үйлерді сатып алу үшін бюджеттік өтінім әзірлеу, облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім ұсыну, үйлердің орналасу жерін анықтау, құжаттарын рәсімдеу, тұрғын үйлердің сапасын үнемі қадағалау.

Құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық  құжаттамасын әзірлеу, облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім ұсыну, сапасын қадағалау, бағдарламалардын іске асырылуын жүргізу. Аудан бойынша жүргізілген құрылыстарды қадағалау, пайдалануға алу және беру құжаттарын рәсімдеу, қабылданған құрылыстарды жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуден өткізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.09.2025 – 15.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

18.09.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Абай ауданы, Құнанбай көшесі, 14. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

9-17-36