Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 24/11-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 15/12-VІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 266-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Ережесін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен Ережесі бекітілсін».
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ашық НҚА | НҚА