Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы

Қысқаша мазмұны: Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы
Статус: Архив
Жоба нұсқасы: Нұсқасы 1
НҚА түрі: Шешім
Құру күні: 17/03/2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 10/04/2025
Онлайн талқылау басталу уақыты: 10/04/2025 12:35:00
Онлайн талқылау аяқталу уақыты: 10/04/2025 13:35:00
Статус: Архив
Жоба нұсқасы: Нұсқасы 1
НҚА түрі: Шешім
Құру күні: 17/03/2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 10/04/2025
Онлайн талқылау басталу уақыты: 10/04/2025 12:35:00
Онлайн талқылау аяқталу уақыты: 10/04/2025 13:35:00
Қосымша құжаттар:
Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
2. Абай аудандық мәслихатының 17 мамыр 2022 жылғы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 28185 болып енгізілген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға қолданылады.
Мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы
Ашық НҚА | НҚА