Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысы өтті. Аудан әкімі Мейіржан Смағұловтың төрағалығымен өткен жиынға мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста барлық ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар мен су тасқыны кезеңін алдын алу бойынша дайындық, азаматтық қорғау құрылымдарының күштері мен құралдарының дайындығы және жылу қазандықтары мен су құбырларының қазіргі жағдайы туралы тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды.
“Апат айтып келмейді” дегендей, аудан әкімі төтенше жағдай кезінде қажетті барлық жабдықтардың дайын болуы керектігін қатаң ескертіп, тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінің алдын алуға тыңғылықты дайындалу қажеттігін атап өтті.
Жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.