Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге аудан орталығы Қарауыл ауылындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Ең алдымен, «Әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында» жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі уақытта нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, мердігер мекеме басшысына құрылысты белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына нысандағы жұмыстардың уақытылы және талапқа сай орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.

Жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімі аудандық ауруханаға барып, жылу қазандығының жұмысын, көмір қорын бақылады. Мекеменің қысқы кезеңде үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімі нысанның жылу жүйесінің алдағы аязды күндерге толық дайын болуын және тұрақты жылудың қамтамасыз етілуін қадағалауды мекеме, бөлім басшыларына атап тапсырды.

Сонымен қатар, мекеме басшылығына жылыту жүйесінің үздіксіз жұмысын бақылауда ұстап, қажетті отын қорын уақытылы толықтырып отыруды және кез келген ақаулардың алдын алу бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы №1 жылу қазандығында болып, нысанның жұмыс барысын тексерді. Тексеру барысында жылу жүйесінің техникалық жағдайын, қазандықтардың жұмыс тиімділігін және қажетті отын қорының жеткіліктілігін назарға алды.

Аудан әкімі қатты аяз кезінде жылумен қамтамасыз етілетін мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерде тұрақты және жеткілікті деңгейде жылу берілуін қатаң бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар, жылыту маусымы барысында ешқандай олқылыққа жол бермеуді, температуралық режимнің сақталуын және тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Қызмет бағыты