Абай облысының әкімі туризм саласы бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

⚜️Аудан әкімі туризм саласы бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
🔹Абай ауданында туризм саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, біршама жұмыстар атқарылды.
🔹Аудан аумағында жиыны 8 мұражай, 40 ескерткіш, 40-қа жуық саябақ, аллея және «Абай жолы» роман-эпопеясында жазылған 100-ден аса тарихи орын бар.
🔹Аудандағы тарихи орындарды насихаттау және келуші туристердің санын арттыру мақсатында «Абайдың жүрген ізімен» жол нұсқаулығы және буклеттер шығарылуда.
🔹Буклеттер 3 тақырыпта болады: Жидебай, Қоңырәулие үңгірі, Хан тауы және Шыңғыс хан туралы аңыз. Әр буклет 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) шығарылды.
Сонымен қатар, аудандағы 32 тарихи орын туралы мәліметті қамтитын 21 бейнеролик дайындалды.
🔹Ауданның тарихи орындары туралы мағлұмат беретін сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алты негізгі беті бар көптілді платформа болып жасалынуда.
🔹Туристер көп баратын Жидебай, Бөрілі, Қоңыр әулие үңгірлеріне интернет желісін орнату, сондай -ақ, Қоңыр әулие үңгіріне барар жолды жөндеу бойынша өзекті тақырыптар қамтылды.