27 шілде күні Кәмен Оразалиннің музей-үйінде "Парасат" журналына 65 жыл толу аясында жергілікті қаламгерлермен кездесу-сұхбат өткізілді.

Үстіміздегі жылдың
27 шілде күні Кәмен Оразалиннің музей-үйінде "Парасат" журналына 65 жыл толу аясында жергілікті қаламгерлермен кездесу-сұхбат өткізілді. Рухани-танымдық шараға ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, басқарма мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Жанғалиев Төлеген Жанғалиұлы, қаламгер, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісінің иегері Махметов Совет Камалұлы және қаламгер, өлкетанушы, мемлекеттік марапат "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері,
ҚР "Мәдениет саласының үздігі", "Үздік өлкетанушы" Мырзақасым Әсет Медеуханұлы құрметпен арнайы шақырылды. Сондай-ақ, аталған шараға Абай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы Ермұқашева Үміт Секенқызы, Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхананың директоры Камал Дина Жанабекқызы, Абай колледжінің туризм тобының топ шебері және жетекшісі Есмағанбетова Шынар Жұмжұмақызы, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейі Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы филиалының қызметкері Абенова Назигүл Бақбергенқызы және "Қаламқас" халық ән-би ансамблінің дәстүрлі әншісі, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Байдашев Қонысбек Советқалиұлы қатысты. Рухани-танымдық шараны қысқаша кіріспе сөзбен ашқан К.Оразалин музей-үйінің меңгерушісі Е.Оразалы биылғы жылы "Парасат" журналына 65 жыл толу аясында жергілікті қаламгерлермен кездесу-сұхбат ұйымдастырылып, "Маңдайдағы жазуым" атты кітабы үшін халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты атанған Т.Жанғалиев, жетпістің белесіне көтеріліп, Абай елінің жергілікті газетінде іздері қалған аға буын өкілдері мен үзеңгілес әріптестері туралы қалам тербеген, тағылымдық шығарма "Журналистер" кітабы үшін С.Махметов, үстіміздегі жылы Астана қаласында "Eurasian Book Fair" Еуразия халықаралық кітап-жәрмеңкесінде Абай әлемі тақырыбымен өткен көрмеде тұсауы кесілген "Шыңғыстау аңыздары" кітабы үшін Ә.Мырзақасым арнайы шақырылғандығын айтып, кездесу-сұхбаттың мән-маңызына тоқталды. Және де "Парасат" журналының қысқаша тарихын баяндап өтті.