Кеңес отырысы

Кеңес отырысы

Абай ауданы әкімдігі жанындағы Консультациялық – кеңесші органның
2023 жылдың I тоқсанындағы отырысы

26.12.2022 жылы «Қылмыстық жазаларды орындау мекемесімен қылмыстық-құқықтық іс әрекет көрсетумен және жазасын өтеп жатқан тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің Абай аудандық комиссиясының» кезекті отырысы Абай ауданы әкімінің орынбасары М.Смагуловтың төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында М.Смагулов Консультациялық – кеңесші органның негізгі мақсаты жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру екендігін айтып, комиссия құрамынмен таныстырып өтті.
Отырыс барысында 2022 жығы жұмыс қорытындысымен таныстырып, 2022 жылы Абай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың арасынан әлеуметтік - құқықтық және басқа да көмектер алу үшін келгендер немесе жеткізілген болмағадығын, сондай-ақ есепте тұрған азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылғандықтан кәсіптік оқуға жіберуге қажеттілік туындамағандығын айтты.
Комиссия мүшесі Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Абай аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Т.Смағамбетов қазіргі кезде пробация қызметінің есебінде тұрған 13 адам бар екендігін және бұл адамдардың барлығы жұмыспен қамтылғандығы жөнінде ақпарат берді.
Комиссия Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі М.Алимбетова пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың зейнетақы қорына аударымдары ай сайын жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Комиссия отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға қажеттілік туындаған жағдайда әлеуметтік-құқықты және психологиялық көмектер көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылатындығы айтылды.