Мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті отыз бірінші сессиясы өтті.

Жиынға бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Отырыста ауылшаруашылығы, экономика, бюджет шағын және орта бизнесті дамыту, қоршаған ортаны қорғау, адам құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы, аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етуде атқарылған және жоспарланған жұмыстар, 2024 жылғы Архат ауылдық округі бюджетінің орындалуы және атқарылған жұмыстар туралы тиісті сала басшылары мен мамандардың есебі тыңдалды.
Мәслихат сессиясында тыңдалған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, келесі мәслихат сессиясының күн тәртібі бекітілді.