Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады.

Жарияланған күні: 13 ақпан 2026

Мал шаруашылығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады. Жоспар аясында шопандар мен бақташыларға 55 жастан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер енгізу, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге жылдық 5–6 пайыздық мөлшерлемемен төмен пайызды несиелер беріледі деп күтілуде. Ауыл жастарына білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында малшылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына гранттар бөлуде артықшылықтар қарастырылған. Бұдан бөлек, малшыларға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге шегеру мүмкіндігі беріліп, ауылдық жерде тұрғын үй салу үшін мемлекеттік қолдау ұсынылады. Мал шаруашылығы негізгі бағыттардың бірі саналатын біздің аудан үшін бұл жоба үлкен мүмкіндік. Қарапайым еңбек адамдары мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл бастаманы зор ықыласпен құптап отыр. Олардың айтуынша, аталған жоба маңдай терімен күн көріп жүрген малшылардың еңбегін бағалап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде ауылдағы тіршілікті жандандырып, мал шаруашылығының дамуына тың серпін бермек.