Улы газбен уланудың алдын алу 🗣Улы газбен уланудың алдын алу қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, улы газбен улануды болдырмауға болады: ⏺жеткілікті білімсіз, дағдыларсыз және құралдарсыз жанармай жағатын құрылғыларды пайдаланбаңыз; ⏺пештің, түтіндіктің, ішке сору және сыртқа тарату желдеткішінің жұмыс істеуін тексеру; ⏺желдеткіші нашар үй-жайда отын жағуға болмайды; ⏺қозғалтқышы қосылған машинаны гаражда қалдырмауға; ⏺жабық үй-жайларда (жертөледе) дизельді және бензинді электр генераторларын пайдалануға тыйым салынады.