КСРО спорт шебері, “Мистер бокс” атағының иегері Асенов Ділмұрат Сәлиұлының құрметіне арналған бокстан 2011-2013, 2013-2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтуде.

Жарияланған күні: 26 наурыз 2025

КСРО спорт шебері, “Мистер бокс” атағының иегері Асенов Ділмұрат Сәлиұлының құрметіне арналған бокстан 2011-2013, 2013-2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтуде.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ақын Төлеген Жанғалиев арнау оқыды. Сондай-ақ, Ділмұрат Сәлиұлының досы, бокстан КСРО спорт шебері Болат Нұранов, ұстазы Әлия Қанашқызы және бауыры Азамат Сәлиұлы жанашыр аға, ардақты азамат, спортшы әрі тұлға ретінде еске алып, естеліктерімен бөлісті.

Әкесі Сәли ақсақал қатысушыларға бата берді.

Турнирге жиыны 14 командадан 184 спортшы қатысуда.