Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау жүргізу мақсатында «Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» маманы Тлеумбердин Нұрбек Айдынұлымен кездесті!
Талдау жүргізу барысында:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында орнатылған стендтер тексеріліп, көрнекілікке жіті мән беру, сондай-ақ сенім телефондарын, яғни 1424 нөмірлерін кеңінен насихаттау ұсынылды!
Бөлім бойынша ішкі талдау тексеріліп, осы уақытқа дейін заң бұзушылықтардың болмағаны анықталды!
17.05.2021 күні "Абай аудандық дене шынықтыру және спорт"ММ-де "Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Қазіргі таңда елімізде актуалды проблемаларымыздың бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Бұл дертпен күресу үшін қоғамның біріккен күші қажет. Жылдың басынан бастап осы сынды 6 дөңгелек үстел өткізілген!
Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!
Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9-21-44 немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!
@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany
@marjan_baqyt