Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау жүргізу мақсатында «Аудандық жер қатынастары бөлімі» маманы Қағазбеков Жандарбек Ғафисовичпен және кездесті!
Талдау жүргізу барысында:
Әр тоқсан сайынғы негізде Абай ауданның жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойнша сенім телефондары көрсетілген ақпараттары бар жадынамалар ауданның жер қатынастары бөлімінде орналастырылған.
Сыбайлас жемқорыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында «Абай елі» газетіне тұрақты негізде материалдар жарияланып отырады.
Ауданның жер қатынастары бөлімінде дөңгелек үстел форматында сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!
Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9-21-44 немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!
@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany
@marjan_baqyt