Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау жүргізу мақсатында "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Мұратов Бурхан Нұрланұлымен кездесті!

Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі - Бақыт Серікханқызы дербес бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарына талдау жүргізу мақсатында "Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Мұратов Бурхан Нұрланұлымен кездесті!

 Талдау жүргізу барысында:

Әр тоқсан сайынғы негізде ауданның ішкі саясат бөлімінде ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойнша сенім телефондары көрсетілген ақпараттары бар жадынамалар ауданның ішкі саясат бөлімінде және ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараттарында орналастырылған.

Әр тоқсан сайынғы негізде ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ведомстволық бағынысты мекемелер болып табылатын «Абай елі» ЖШС және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша анонимдік сауалнамалар алынады.

Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттайтын 13 сыртқы көрнекі ақпарат (баннерлер) құралдары орналастырылған.

Аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде таратылып, апта сайынғы негізде көрсетілетін «Abai News» жаңалықтар топтамасында жарияланады.

Сыбайлас жемқорыққа қарсы саясатты насихаттау мақсатында «Абай елі» газетінде арнайы рубрика ашылып, тұрақты негізде материалдар жарияланып отырады.

Ауданның ішкі саясат бөлімінде «Brainstorm» форматында сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша семинар өткізілді.

Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталмады! Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе бақылауында болады!

Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9-21-44 немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!

@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany
@marjan_baqyt

Дата публикации
20 августа 2021
Дата обновления
20 августа 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Перечень документов, прeдставляемых кандидатами
16 октября 2026
29 ноября выборы депутатов маслихата
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы