Меню

Страницы

Статья

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жеткешісі вакцинация паспортын заңсыз сату деректерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді.

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жеткешісі вакцинация паспортын заңсыз сату деректерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді.

Мониторинг бойынша:

 Бүгінгі таңда, аудан халқының 5772-і бірінші компонентімен егілген,оның ішінде:

 200 адам - «QazCovid-in» вакцинасымен
 750 адам - «Hayat-Vax» вакцинасымен
 350 адам - «CoronaVac» вакцинасымен
 4472 адам - «Спутник V» вакцинасымен егілген!

 Екінші компонентпен, аудан халқының 4677-і егілген, оның ішінде:

 200 адам - «QazCovid-in» вакцинасымен
750 адам - «Hayat-Vax» вакцинасымен
 350 адам - «CoronaVac» вакцинасымен
 3377 адам - «Спутник V» вакцинасымен егілген!

Екпе алушылар алгоритмге сәйкес:
Дәрігерге жүгініп, қаралады (қан қысымы, дене қызуы, сатурация тексеріледі)
Анамнез жиналады, яғни аллергия, созылмалы ауру, учетта бар-жоқтығы сұралады
Анкета толтырылады
Қарама-қарсы көрсеткіш болмаған жағдайда, егілу бөлмесіне жіберіледі!
Екпе алған адам, екпе салғызғаннан кейін 30 минут дәрігер бақылауында болады!

‼️ Екпе алушылар назарына!!!

Спирттік ішімдіктер мен темекіден бас тартқан жөн!
Сондай-ақ, моншаға түсуге және физикалық жүктемелерге жол бермеу қажет!

Аудан орталығында екпеге рұқсат беруге - Уанов Ертас Муратович жауапты! Сонымен қатар, әрбір аудандық аурухана мен ауылдық округтерде екпе салуға жауапты медбикелер бекітілген!

 Жобалық кеңсе жетекшісі, мониторинг соңында; дәрігерлерге, сондағы қызметкерлерге, екпе алушыларға дұрыстап ашық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жалған құжат жасатудың арты жақсылыққа апармайтынын жіті түсіндірді! Құжат жасату ол үлкен қылмыс. Сол себепті Сіздерге сенім артамыз @abaiskaiatsrb ! Бұл жұмыс мемлекет басшысы мен құзырлы органдардың бақылауында!

Мониторинг барысында заң бұзушылықтар мен жалған паспорт жасау фактілері анықталмады! Болшақта да бұл жұмыстар біздің назарымызда болады!

Егер Сіз, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз немесе еріксіз куәгер атансаңыз, бізге 9-21-44 немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз!

Дата публикации
18 августа 2021
Дата обновления
18 августа 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Перечень документов, прeдставляемых кандидатами
16 октября 2026
29 ноября выборы депутатов маслихата
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы