Меню

Страницы

Статья

АБАЙ АУДАНЫНДА СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

АБАЙ АУДАНЫНДА СУБСИДИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахытқызы Абай ауданындағы шаруа қожалық басшыларымен кездесіп, мемлекет тарапынан берілетін ауыл шаруашылығы субсидиялары бойынша ұсыныстарын талқылып, өтініштерін тыңдады.

Кездесуге Абай ауданының әкімі аппаратының басшысы Д. Маратұлы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Д. Нариманұлы мен шаруа қожалықтардың өкілдері қатысты.

Ауданның жалпы жер көлемі 2 млн. 9397 гектар, оның ішінде 1 млн. 875 мың гектар жайылымдықты құрайды. Жер бедерінің орналасу ерекшелігіне байланысты тек мал шаруашылығы, оның ішінде ет бағытында жұмыс жасайды.

Өңірде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 543 шаруа қожалығы және 3257 жекеменшік қосалқы шаруашылықтар айналысуда.

2021 жылдың 1 тамызы бойынша жиыны 379 өтінімнен 371 млн. 772 мың теңге субсидия қаражаты игерілген. Ал 159 өтініммен 168 млн. 300 мың теңге субсидия қаражаты резервке алынған.

2020 жылы жиыны 58 өтініммен 51 млн. 325 мың теңге субсидия қаражаты резервке алынып бүгінгі күнге дейін қаржыландырылған жоқ.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері жинақталып, талданып облыс тарапынан жолданатын ұсыныстарға енгізілетін болады.

Дата публикации
18 августа 2021
Дата обновления
18 августа 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

21 октября 2026
Аудиоролики
21 октября 2026
О выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан
21 октября 2026
Перечень документов, представляемых кандидатами

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы