Меню

Страницы

Статья

«ШЫҒЫС — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ШЫҒЫС — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Сматлаевтың төрағалығымен өңірдегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмысы туралы жиын өтті.

А. Сматлаевтың айтуы бойынша, мемлекеттік қызметшілердің халық үшін ашықтығын және қолжетімділігін арттыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады. Осы жұмыстарды үйлестіруде «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы өңірімізде сәтті жүзеге асырылуда.

Күн тәртібі бойынша «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

«Үздік көрсеткішпен облыста «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» іске асырылуда. Картаның базасында барлық мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынысты ұйымдар тіркелген. Бүгінгі күні платформада 2,2 трлн. теңгеге 8076 бюджет жарияланды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары көрсеткіш. Біз өз кезегімізде департамент қызметкерлерімен бірлесіп интреактивті картаға мәліметтердің уақтылы әрі сапалы еңгізілуіне күнделікті бақылау жүргізудеміз», - дейді Маржан Бахыт.

Сондай-ақ, жобалық кеңсеге әр түрлі сұрақтар бойынша 184 азамат әлеуметтік желі, телефон қоңыраулары және жобалық кеңсеге келу арқылы жүгінген. Оның ішінде 172 азаматтың сұрағы оң шешілген.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі түрлі салалар бойынша жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған 253 қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға 500-ге жуық нақты ұсынымдар берілді. Бүгінгі таңда ұсыныстардың 50%-тен астамы орындалды. Сонымен қатар, «Antikor LIVE» жобасы шеңберінде қала, аудан әкімдері және барлық деңгейдегі Департамент, Инспекция, Басқарма басшылары бекітілген кестеге сәйкес «Антикор Орталығы» алаңдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы апта сайынғы негізде ақпарат береді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 31 басшы эфирге қатысты. Бұл жұмыс жылдың соңына дейін жалғасады», - деп атап өтті жобалық кеңсе жетекшісі.

Дата публикации
18 августа 2021
Дата обновления
18 августа 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Перечень документов, прeдставляемых кандидатами
16 октября 2026
29 ноября выборы депутатов маслихата
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы