ӨҢІРДЕГІ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің облыс бойынша қала мен аудандардағы жетекшілерімен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жетекшілермен ашық сұхбат жүргізу. Сонымен қатар, облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің белсенді қалыптасуына ықпал ету және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда азаматтық қоғаммен тығыз әрекеттесуді қамтамасыз ету.
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт – жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және қызметтерін заң шеңберінде адал атқару қажет екендігін хабарлай отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсынды. Сондай-ақ, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер-жөніндегі офицері А. Асқарұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары мен тәртібі жөнінде баяндады.
Кездесу барысында жобалық кеңсесінің менеджері Э. Даулетқызы жобалық тапсырмалардың орындалу деңгейіне сараптама жүргізіп, есеп толтыру қағидасын түсіндірді.
Жобалық кеңсенің жалпы жұмысынан бөлек, жобалық кеңсесінің менеджері Т. Ғалымжанқызы әлеуметтік желілерді қызықты әрі тұрақты жүргізу жұмыстарына тоқталды.
Жобалық кеңсе менеджері Д. Кенжеғазин компьютерлік графика және Corel Draw бағдарламасының қолдану бойынша семинар өткізді.
Жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт өңірдегі «Адалдық алаңы» жетекшілерімен сұрақ-жауап алмасып, ұсыныстарымен бөлісіп, ашық сұхбат жүргізді. Кездесу соңында Маржан Бахытқызы жобалық кеңсе жетекшілеріне алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
@abai_adaldyqalany
@shygys_adaldyq_alany