«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Бақыт Серікханқызы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Байғабылов Қуаныш Сабыржанұлымен бірге Жиренше қожалығына барды. 2001 жылдан бері қожалыққа жетекшіліп етіп келе жатқан Жарасбаев Асқар Аманбайұлынан осы салада кезігетін қиыншылықтар мен ауыртпалықтары жайлы айтып берді.
Аудан экономикасы негізінен ауылшаруашылық бағытқа ие. Табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығы осы саланы дамыту үшін барлық алғышарттары бар көп салалы дамуға ие болды.
Аудан бойынша мал басының жалпы саны:
Сиыр – 91 937
Ұсақ мал – 212 108
Жылқы – 58 929.
Сондай-ақ, аудан бойынша 2021 жылы лизингке техника алған азаматтардың саны – 22 болса, қосалқы техника алғандар саны 38-ге жеткен.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері, ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды мал басын субсидиялау, ауыл шаруашылығы машиналары мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг және т.б. мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, шаруалар өз қызметінде кездесетін бірқатар проблемалық мәселелерді айтты. Олардың негізгілері қайда бармаса да «қағазбастылық» және уақыттың тығыздығы болып табылады. Сонымен қатар, қожалық жетекшілерін ғана емес, барша аудан халқының өзекті мәселесінің бірі – шөп тапшылығы мен қымбат бағаны ұстап тұрғандығы болып тұр. Былтыр 1 түк шөптің бағасы – 500 болса, биылғы жылы 1 түк шөп 800-ден сатылуда. Бұл, шөптің былтырғы жылмен салыстырғанда 37,5 %-ға қымбаттағанын көрсетеді.