Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру бойынша мемлекеттік мекемелерде атқарылған шараларға мониторинг жүргізілді!
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Бақыт Серікханқызы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға және басқа да мүмкіндігі шектеулі топтарға кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша мониторинг жүргізді.
Жұмыс барысында, аудандық әкімшілік, жұмыспен қамту орталығы, Қарауыл әкімшілігі,дербес бөлімдер, аудандық орталық аурухана, кітапхана, мектептер мен Қазақтелеком ғимараттары зерттелді.
Мониторинг қорытындысы бойынша:
бөлімнің жұмыс режимі, қабылдау кестесі, бөлімнің телефон нөмірлері көрсетілген тактильді ақпараттық стендтер ( Брайль қарпі) бар.
ғимарат ішінде қозғалыс жолының белгілері ( фактуралық және түрлі-түсті жолақтар, қозғалыс бағыты) бар.
Кіру есігінің табалдырығының биіктігі ҚНжЕ талаптарына сай екеніне көз жеткіздік! Алайда, Кіру есігінің табалдырығының биіктігі 0,05 метрден асып, ҚНжЕ талаптарына сай келмейтін жерлер кездесіп, ғимаратқа кіруге кедергі келтіретін және тағы басқа кемшіліктер де кездесті. Ғимаратқа жауапты азаматтармен мен және мекеме басшыларына олқылықтарды жою ұсынылды.
Бұл жұмыстар болашақта да жобалық кеңсе назарында болады!