Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын. Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Ал,қоғам дегеніміз-сіз бен біз яғни, біздің заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-біріміздің қарым-қатынасымыз. Демек, зұлымдықтың тамырын қоғамның өзінен іздеген жөн.Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.   Құндызды ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын  үнемі тұрақты түрде жүргізіп тұрады.

 

                                                                                              Омарханов Асқар

                                                                       Құндызды ауылдық округі әкімі

                                                                       аппаратының бас маманы.

Дата публикации
18 февраля 2021
Дата обновления
18 февраля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Перечень документов, прeдставляемых кандидатами
16 октября 2026
29 ноября выборы депутатов маслихата
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы