Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастырушылар мен басқа да сайлау процессіне қатысушыларды каскадты оқыту және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қатамасыз ету жоспарларына сәйкес «Архат ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізуге байланысты № 169, 170 учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру туралы» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру барысындағы құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша оқыту жүргізді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмін түсіндірді. Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметіне назар аударылды. Сонымен қоса, мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ семинарға қатысқан учаскелік сайлау комиссиялары сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті. Семинар қорытындысы бойынша Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.