«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері осы жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- мәрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады.
Осыған орай, Абай ауданы «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлері арасында тоқсан сайын бір рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек стол ұйымдастырылып өткізіледі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл әрине тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс – тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.
Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз.
Қазақстан халқы өз алдына ел болып, еңсесі биік жоғары мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған щақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы Д.Нариманұлы