Меню

Страницы

Статья

Об итогах 220-летнего юбилея Кунанбая Ускенбайулы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
“Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі Құнанбай Өскенбайұлының қоғам алдындағы қайраткерлігін ұмытпауымыз қажет,” – деп атап көрсеткен еді.
Осы орайда, өткен жылы қазақ халқының біртуар перзенті, ойшыл, ағартушы Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті десек артық айтқандығымыз емес. Бұл тарихи оқиға тек қазақ жұрты үшін ғана емес, түркі әлемі үшін маңызды мәдени-рухани шара болды.
Мерейтойға дайындық «Ұлы дала ұлағаты» өнер байқауынан басталып, ауылдық округтер негізгі «Дала данышпаны – Құнанбай» атты театрландырылған көрініске арнайы дайындалды.
1 наурыз Алғыс айту күнінде ел ағалары мен аудан ақсақалдары бас қосқан құрылтай жиынында тойды жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері талқыланып, «Құнанбай қоры» құрылды.
Осы сәтте, баса айта кететіні мерейтой ешқандай мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландыруыңыз өтті. Себебі, Абайдан шыққан еліміздің әр өңіріндегі жүрегі «Абай деп», «туған жер деп» соғатын атымтай жомарт азаматтар мен ауданымыздың жеке кәсіпкерлері, қарапайым халық және ел ағаларының ел намысы сыңға түсер сәтте бір жағадан бас, бір женен қол шығарып, береке бірлігімен өткені анық. Төрт айға жуық уақытта жаңадан құрылған қорға 37,8 млн теңге, 157 жылқы, 4 түйе, 5 өгіз, 75 қой-ешкі малы жиналды.
«Өлі разы болмай, тірінің жаны байыс таппас» дегендей -мерейтой бабаның мәңгілік мекені – Ақшоқыда түйе малының құрбандыққа шалынып, Құран бағыштаумен басталды.
Семейде Шәкәрім университетінде өткен «Құнанбай Өскенбайұлы: тұлға, тарих, феномен» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан ғалымдары қатысса, республикалық жыр мүшәйраға 30-ға жуық ақындар өтініш білдірді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жас ақын-жазушыларды қолдау, оларды әдебиет әлеміне қанаттандыруды үнемі бақылауда ұстау керек” деген бастамасы аясында «Қазақтың құдіретті Құнанбайы» атты республикалық жыр мүшәйраға 10 ақынның шығармасы іріктеліп алынып, арнайы жүлделермен марапатталды.
Құнанбай ауылы негізінде этномәдени қалашық құрылып, «Бала Құнанбайдан – Дана Құнанбайға» атты театрландырылған көрініс сахналанды. 21 қолөнер шебері ұлттық бұйымдарын ұсынып, 20 бас асыл тұқымды жылқы көрмесі ұйымдастырылды.
Көкпар, аламан бәйге, қазақ күресі, жамбы ату, асау үйрету, жорға жарыс, топ бәйге секілді ұлттық ойындар өткізіліп, жүлде ретінде қазақы түйе бастатқан тоғыздық салтымен берілді.
Мерейтойдың тарихи сәті ауданның 500 баласы бір мезетте Ашамайға отырып, Қазақстанның «КИНЭС» рекордтар кітабына енгізілді.
Сондай-ақ, Абай облыстық орталық мешітінде ХІІІ республикалық Құран Кәрімді жатқа оқу байқауы ұйымдастырылып, жүлдеқоры “Құнанбай қажы” қоры есебінен берілді.
10 тамыз – Абай күнінде Ақшоқы мекеніне барар жолға Абай ауданының құрметті азаматы, Абайшыл, игі шаралардың бас қасында болып демеушілк етіп қолдап жүретін Балтабек Нұрғалиұлы ағамыз құны 20 млн теңгеге «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» атты стелласын орнатты .
Кітап тарихи мұра. Осы орайда тойдың дайындық уақытынан басталған барлық іс шаралар жинақталып, «Құнанбай қажы» қоры есебінен 500 данамен жарық көріп, қолдау білдірген барша азаматқа арнайы Алғыс хатпен бірге сыйға берілді.
Қорыта айтқанда, Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы – қазақ халқының рухани және мәдени дамуына зор үлес қосқан айтулы оқиға болды.
Алайда, «апат айтып келмейді» дегендей еліміздің батыс, солтүстік аймақтарында орын алған тасқын судың салдарынан мерекелік шараларды кең көлемде хабарлап аталып өтуіне тыйым салынды. Сол себепті аталмыш шараны облыс көлемінде атап өтіп, алты Алаш баласына сауын айта алмадық.
Ал, биыл қазақтың ұлы ойшылы, хакім, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.
Мемлекет басшысы өзінің жаңа жылдық құттықтауында «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» деп ерекше атап өтті.
Осыған орай, Абай бабамыздың мұрасын ұлықтау мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Баба тойын қазақтың көне танымдық ұғымдарының бірі – «Жеті қазына» концепциясымен сабақтастыра отырып атап өту жоспарлануда.
Жеті қазына:
- Ер жігіт – ұлттың айбыны мен қорғаны;
- Сұлу әйел – отбасының берекесі;
-Құмай тазы – қазақ аңшылығының символы;
-Берен мылтық – батырлық пен ерліктің нышаны;
- Жүйрік ат – қазақ рухының қанаты;
- Ілім-білім – өркениеттің негізі;
- Қыран бүркіт – еркіндіктің бейнесі;
Негізгі мерекелік шаралар Абай Құнанбайұлының туған күні – 10 тамызға жоспарланған. «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестиваль жобасы әзірленіп, бекітілді.
«Патриотизм, қоғамға қызмет ету және игілікті іс –адамның тұлғалық және рухани дамуының жоғары деңгейінің жарқын көрінісі» деп Мемлекет басшысы атап өткендей, елдің береке бірлігін айшықтайтын халықтық тойды жоғары деңгейде өткізу -жүрегі «Абай» деп соғатын әр адамның борышы мен міндеті деп білеміз.
Қазақ десе –Абай, Абай десе –қазақ ұғымы қатар айтылады, «Елдің ісі – ер азаматтың мойнында» демекші, қазақ ұлтының ары мен намысына айналған ұлы ақынның мұрасын насихаттау әр қазақтың азаматтық парызына айналуы тиіс.
Тамыз айында өтетін халық тойында барша Абайшыл азаматтарды көреміз деген үміттеміз.
Ұлы Абайдың рухын бірге дәріптейік, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық!

Дата публикации
01 мая 2025
Дата обновления
01 мая 2025
Тип
Доклад

Сейчас читают

19 октября 2026
Перечень документов, прeдставляемых кандидатами
16 октября 2026
29 ноября выборы депутатов маслихата
13 октября 2026
Указ Президента РК

Социальные медиа

Акимат Абайского района Восточно-Казахстанской области

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы