Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және спорт, мәдениет, ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2) әлеуметтік қолдау Абай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшесі арқылы беріледі.
1) Абай ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;
2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;
3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінуі.
4) Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 27/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-158 болып тіркелген, 2018 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 46/11-VI «Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 27/7-VI «Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешімінің қолданылуын тоқтату тұру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6901 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы