Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

Абай ауданы – руханият пен мәдениет орталығы

Ауданның барлық ауылдық округтерінде мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар тұрақты жұмыс істейді. Бұл мәдениет ошақтары тұрғындардың мәдени өмірінің негізгі орталығы болып табылады. Мәдениет мекемелерінде 130-дан астам маман еңбек етіп, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамытуға және ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға өз үлестерін қосуда.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның мәдениет мекемелері рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, шығармашылық ұжымдарды қолдауға және ұлттық мәдени мұраны насихаттауға бағытталған 200-ден астам мәдени-көпшілік іс-шара өткізді.

Халық шығармашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары облыстық және республикалық байқауларға, фестивальдерге және мәдени жобаларға белсенді қатысып, Абай ауданының абыройын асқақтатып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Ұлттық өнерді сақтау және дәріптеу, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында құрылған «Шыңғыстау» ардагерлер ансамблі өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.

2026 жылы мәдениет нысандарын дамыту және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ескерткіштерді, саябақтарды және аудан тұрғындары үшін рухани әрі мәдени маңызы зор басқа да нысандарды тиісті деңгейде күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлінуде.

Ауданда 10 кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аудандық және 9 ауылдық кітапхана тұрғындарды әдебиетпен, ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етіп, мәдени-ағартушылық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Кітапханалар оқырмандармен жұмыстың заманауи үлгілерін енгізіп, тақырыптық кездесулер, әдеби кештер, түрлі акциялар мен білім беру жобаларын жүзеге асыруда.

Кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен халықтың жүріп-тұруы қиын топтары үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Мұхтар Әуезов атындағы орталық аудандық кітапхана ғимаратын бейімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін келушілерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру және қолжетімді орта талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Жалпы алғанда, 2026 жылы Абай ауданының мәдениет саласы тұрақты даму қарқынын сақтап, халықтың рухани тәрбиесін нығайтуға, ұлттық мәдени мұраны сақтауға және аудан тұрғындарының шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған жұмыстарды табысты жүзеге асыруда.

Документы
Ақпарат
10 сентября 2026
Абай ауданының мәдениеті: жетістіктер, даму және жаңа мүмкіндіктер
Ақпарат
13 июля 2026
«Абай аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2026 жылдың алғашқы 7 айындағы қызметі туралы ақпарат
Ақпарат
03 июля 2026
«Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Новости
Полезные материалы
Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойының қортындысы туралы
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Мәдениет
Медиагалерея
1
«ҚАЛАДАН - АУЫЛҒА» ЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ Абай облысында ауыл әлеуетін арттыруға бағытталған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы іске қосылады. Жоба аймақ басшысы Берік Уәлидің бастамасымен қолға алынбақ. Енді ауылға көшуге емеурін танытқандарға кешенді қолдау көрсетеледі. Жоба жайында тілшіміз Ерасыл Кенжебек жалғастырады.
1
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы М.Нұрсұлтанұлы, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
События
21 марта
22 наурыз: Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз
05 января
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
05 июля
7 мамыр - Отан қорғаушы күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Абай ауданының әкімдігі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы