Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады

Мемлекет басшысы KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгты қабылдады

✔️Президент автоиндустрияны дамыту Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бағыттарының бірі саналатынын атап өтті.

✔️ Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Зауыт 2025 жылы Қостанайда салынады.

▪️Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

▪️Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады.

✔️ Сонымен қатар Хо-сунг Сонг автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде өндірушілерді Қазақстанға тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, елімізде автокөліктің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол қойылды.

✔️Мемлекет басшысы KIA корпорациясының Қазақстанда автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою туралы шешімін құптады. Сондай-ақ аталған саланы дамыту үшін білікті отандық мамандар даярлау қажет екенін айтты.