Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 11 қарашада Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 20 желтоқсанға Абай облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2026 жылдың 12 қарашасынан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 24 қарашадағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды. 2 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат - « Әділет» партиясынан ұсынылды. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 24 қарашада сағат 18:00-де аяқталды.

Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

25 қараша 2026 09:14

Жаңарту күні

25 қараша 2026