Салтанатты жиын

25-қазан Республика күніне орай К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде оқушыларды «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау, мектеп президенті мен парламент мүшелерін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

🎉Салтанатты жиынның маңызды кезеңі мектеп президентін ұлықтау рәсімімен жалғасты. Оқушылардың таңдауы бойынша мектеп президенті болып сайланған Рауанқызы Алина көпшілік алдында ант қабылдап, өзіне артылған сенімді ақтауға және мектептің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік,     оқушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, демократиялық құндылықтарды тәжірибе жүзінде танып-білуіне және азаматтық белсенділігін арттыруға қосқан бұл шара Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының қолдауымен  бірлесе ұйымдастырылды.

✨ Бұл күн – жас ұрпақтың бойындағы көшбасшылық рухты оятып, ел алдындағы жауапкершілігін арттырған, бірлік пен отансүйгіштікті дәріптеген тағылымды күн болды.

 

🇰🇿 Бүгінгі жас ұлан – ертеңгі ел қорғаны, бүгінгі жас көшбасшы – болашақтың сенімді тірегі!

Жарияланған күні

24 қазан 2026 14:07

Жаңарту күні

24 қазан 2026