АСК Қаулысы

     

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақсуат ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау

 мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және  Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»  қаулысының негізінде Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақсуат ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                   Ғ.Закариянов

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                                       Н.Ахметова

 

14.10.2026

01-03/27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

24 қазан 2026 13:49

Жаңарту күні

24 қазан 2026

Бағыттар